Құрметті клиенттер!
01 наурыз 2017 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен «КаР-Тел» ЖШС «Magic card» ко-брендингтік несие карталарын шығаруды тоқтататынын хабарлаймыз. Сонымен қатар осы карточкалар бойынша бонустық ұпайлардың берілуі тоқтайды.
2017 жылғы 1 наурызға дейін «Magic card» ко-брендингтік несие карталарын шығарған клиенттер, клиенттің немесе банктің бастамасы бойынша карточканы жапқанға дейін карточкаларын қолдана алады. Жарамдылық мерзімі біткен кезде карточканы қайта шығару үшін, банк бөлімшесіне хабарласу керек.
Сонымен қатар, бонустық баллдарды тарату 13.03.2017 тоқтатылады.