Beeline-ның PR қызметі коммерциялық сектордың үздігі деп танылды

8 қазан 2019 ж., Астана қаласы. Beeline-ның PR қызметі International PR Forum Astana 2019 тәуелсіз дауыс беру қорытындысы бойынша, коммерциялық компаниялардың ішіндегі үздігі деп танылды.

«Біз, бірнеше жылдан бері #bestPRteam хэштегін пайдаланып келеміз. Компаниямыздағы корпоративтік қатынас қызметінің әр өкілі - жоғары деңгейлі кәсібіи маман, ал бәріміз біріксек, еліміздің ең мықты PR командасымыз. Дауыс бергендердің бәріне алғыс айтамын және жұмысқа қосып жүрген үлестері үшін әріптестеріме де алғыс білдіремін», - дейді Beeline Қазақстанның Корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь.

International PR Forum-ды «PR-шы» Қоғаммен байланыс жөніндегі кәсіби мамандар клубы мен Қоғаммен байланыс жөніндегі Ұлттық қауымдастықтың (ҚБҰҚ) қоллдауымен Қазақстандық Баспасөз-клубының Кооммуникация тобы/ Promo Group Communications ұйымдастырған. Іс-шараның мақсаты – коммуникацияның тимділігін талқылау үшін астанада тұрақты тәжірибелік алаң құру, сондай-ақ кейстерді және мемлекеттік құрылымдардың, ұлттық компаниялардың және бизнес-сектордың баспасөз-қызметі жұмысындағы ағымдағы мәселелерді шешу жолын талқылау.

 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz