2021 жылғы ХХ қыркүйектен бастап, Beeline нөмірінен Қазақстандағы басқа ұялы байланыс операторларының нөміріне жасалған мобильді аударымнан сомасына қарамастан 1% комиссия алынады. Бұл шарт 2020 жылғы наурызға дейін болған және акция ретінде тоқтатылған.
2020 жылғы наурыздан бері Beeline клиенттері басқа желіге 5 000 теңгеден көп сома аударса ғана комиссия алынатын. Комиссия мөлшері 1% болған.
Beeline-нан Beeline-ға аударғанда - комиссия бұрын да болмаған, қазір де жоқ.
Теңгерімнен теңгерімге аударудың бірнеше жолы бар екенін естеріңізге саламыз:
• Beeline Қазақстан ресми сайтында;
• «Менің Beeline-ым (Қазақстан)» мобильді қосымшасында;
• 145 нөміріне SMS жіберу арқылы: алушының телефон нөмірі бос орын сома (үтір және басқа таңба қойылмайды).
Мобильді теңгерім — тариф жоспарына төлеу үшін ғана емес. Мүмкіндіктердің бағасын беріңіз!