23.02.2024
ҚР Үкіметінің №20 19.01.24 ж. қаулысы бойынша, Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Уақытты ауыстыру 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Маңғыстау, Атырау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа аймақтарда жүзеге асырылады.
Смартфонда сағатты қалай ауыстыру қажет
Мобильді құрылғыларда уақыт синхрондалуы автоматты түрде жүреді. Ол үшін смартфонда, планшетте не смарт-сағатта оператор SIM-картасы мен құрылғыдағы, оператор желісінен бапталған, уақыт көрсеткіші болса жеткілікті. Телефон мәзіріндегі уақыт баптауын тексеруді ұсынамыз. «Автоматты уақыт белдеуі» функциясы қосылып тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз. Назар аударыңыз: уақыт синхрондалуына интернет қажет емес.
Үйдегі интернет роутерлерінде сағатты қалай ауыстыру керек
Егер Сізде Beeline-ның сымды «Үйдегі Интернеті» қосылып тұрса, дербес компьютерлерде, ноутбуктер мен Smart TV-де уақыт өздігінен синхрондалады. Құрылғы үйдегі интернетке қосылып тұрса болды, ал роутер — розеткаға қосылып, роутерде үйдегі интернет желісіне байланыс болса жеткілікті.
Егер Сіз үйдегі сымсыз интернетті пайдалансаңыз, LTE Wi-Fi роутеріңізде де сағат өздігінен ауысады. Роутер тоқ көзіне қосылып, құрылғыда SIM-карта орнатылып тұрса жетеді.
Кейбір сервис кенеттен жұмыс істемей қалса, уайымдамауыңызды өтінеміз, ол уақытша құбылыс. Қиындық тумауы үшін бар күшімізді саламыз.
Қандай жағдайға дайын болу керек
29 ақпанның с. 21:00-ден 1 наурыздың с. 9:00-ге дейін смартфондар мен басқа мобильді құрылғыларда кейбір қызметтер жұмыс істемеуі мүмкін. Әсері азырақ тиюі үшін біз барлық шараларды қолданып жатырмыз, алайда келесі қызметтерге әсер етуі мүмкін:
• теңгерімді тексеру мен толтыру;
• тарифтік жоспарды ауыстыру немесе/және тарифтік жоспардың толтырымын өзгерту;
• қызметтерді қосу және өшіру, соның ішінде «Сенімді төлем» мен роуминг;
• халықаралық бағыттарға қоңыраулар;
• SIM-карталарды белсендіру, бір оператор желісінен келесі операторға нөмірді көшіру, тіркеу, қайта тіркеу, нөмірді бұғаттан шығару;
• жол ақысын төлеуді, App Store, Play Market, «ҚазАвтоЖол-дан» сауданы қоса алғанда, теңгеріммен жасалатын барлық төлемдер;
• «Менің Beeline-ым», Simply, BeeTV, hitter қосымшалары;
• қысқа пәрмендер, соның ішінде *102#, *802#;
• колл-орталықта дауыс роботы және beeline.kz сайтындағы чат-ботымен, «Менің Beeline-ым» қосымшасында, Telegram-да және басқаларында ақпарат жеткізу.
Абоненттік төлемнің есептен шығарылуы кешігуі мүмкін.
Қызметтердің жұмысындағы шектеулер уақыттың бірыңғай белдеуіне өтуіне байланысты және алаңдауға себеп жоқ.
Нөмір бойынша барлық әрекеттерді 29-шы ақпан сағат 21:00 дейін жасап үлгеруіңізді сұраймыз немесе қызметтер тұрақты түрде жұмыс істеуін күтіңіз.
Түсіністікпен қарауыңызды өтінеміз және жаңа уақытқа жайлы өтуді тілейміз!