Басты бет / Жаңалықтар

«Үйдегі интернет TV» және BeeTV топтамаларын қайта қарау: жаңартылды

Жақында Beeline Қазақстан «Үйдегі Интернет TV» мен BeeTV сервисінің топтамалары жастар сегментін назарға ала отырып қайта қаралатынын хабарлаған. 

Соған байланысты біздің ұсынысымыздан кейбір халықаралық арна, оның ішінде жаңалық тарататын France 24 HD, DW-TV, EuroNews English HD, «Беларусь 24 HD», «Первый канал. Всемирная сеть», RTVI, «ТВ Центр-International (TVCI)», Euronews, CNN International, «РосБизнесКонсалтинг-ТВ (РБК-ТВ)», «Россия-24», BBC World News, «РТР Планета», «ТНВ-Планета», «НТВ-Мир», 1+1 International арналары алынып тасталды. Бұл ретте басқа жанр арналары қосылып, арналар қатары көбейді, сондай-ақ фильмдер мен телехикаяларға қосымша жазылым ашылды. 

Жас қолданушылар сегменті ойын-сауық бағытындағы video-on-demand контенттің үлесі артқанын қуана қабылдағанымен, көрсетілетін арналар қатарында жаңалық арналарын қалдыруды сұраған клиенттер де болды. Осыған орай, Beeline Қазақстан қазіргі қолданушылар үшін топтамалардың қазіргі құрамын өзгеріссіз қалдыру туралы коммерциялық шешім қабылдады. Ал ойын-сауық контентін назарға алған жаңа топтамаларды қосуға өтініш берген жандар 11 қазаннан бастап қоса алады. 

Біз бұрынғыдай аудиториямыздың қалауын үнемі зерттеп отырамыз және ұсынысымыздың құрамына тиісті өзгерістер енгіземіз.