Нұр-Сұлтанда жолақыны SMS арқылы төлеу мүмкіндігі жабылады

2021 жылғы 1 мамырдан бастап астанада жолақының SMS-төлемі тоқтайды. Бұл — тасымалдаушының және жергілікті «City Transportation System» көлік компаниясының шешімі. Өкінішке қарай, мобильді байланыс операторлары бұл шешімге ықпал ете алмайды. Сұрақтарыңыз болса, CTS сайтында көрсетілген байланыс көздеріне хабарласуларыңызға болады.

Егер Сізге жолақыны Beeline мобильді теңгерімінен төлеу ыңғайлы болса, сол мүмкіндікті ары қарай қолдана беріңіз. Смартфоныңызға «Менің Beeline-ым (Қазақстан)» мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз — екі шертсеңіз болды, дайын.

Жолақыны теңгерімнен қалай оп-оңай төлеуге болатынын қараңыз:
1. Қосымшаға кіру.
2. Экраннның жоғары жағындағы «Көлік» бөліміне өту.
3. Автобус салонындағы QR-кодты сканерлеу.

QR арқылы төлегенде, теңгерімнен жолақы толық ұсталады да, Сізге электронды билет келеді, оны контролерге көрсетуге болады.

Beeline теңгерімімен ешқашан жолда қалмайсыз!