8 маусым 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстандықтар Telegram арқылы қоғамдық көлікте жолақы төлеп, ақша аудару мүмкіндігіне қол жеткізді. Жоба Beeline Қазақстанның Дана чат-ботын мессенджерге біріктірудің арқасында жүзеге асырылды.
Чат-бот арқылы төлеу мүмкіндігі бес қалада бар, олар: Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе және Петропавл. Жаңа мүмкіндік туралы Цифрлы қаржы сервистері қызметінің Сату және өңірлік даму бөлімінің басшысы Анастасия Ли былай пікір білдірді: «Қазір мессенджерлер коммуникация трендін қалыптастырып тұр, миллиондаған адам үшін қарым-қатынас үдерісін жеңілдетуде. Біз, абоненттерімізге қызметтердің ақысын теңгерімнен төлеу үшін ең ыңғайлы және заманауи арналарды ұсынуға тырысамыз. SMS, USSD және Менің Beeline-ым қосымшасы арқылы төлейтін әдепкі арналарға қоса, телеграм ботта төлеу мүмкіндігін қостық. Қоғамдық көлікте жолақы төлеу немесе мобильді телефоныңыздан ақша аудару бұрынғыдан да жеңілдей түсті».
Көлікте жолақы төлеу үшін:
1. Telegram арнасындағы Beeline Dana Official Bot чатында авторизациядан өту керек (чат-ботқа алғаш кірген сәтте керек);
2. «Көлікте төлеу», «Жолақы» және т.с.с. сөздері бар хабарлама жіберу қажет, бұларға әлі көптеген синоним қосылады;
3. Осы хабарламаға жауап ретінде Дана осы сервис туралы ақпарат пен төлеу мүмкіндігі бар пернені жібереді;
4. Төлеу пернесін басасыз;
5. Көлік кодын енгізу керек (көлік коды автобус салондарындағы жапсырмада көрсетіледі);
6. Жолақы мобильді теңгерімнен ұсталады;
7. Билет SMS түрінде келеді.
Теңгерімнен теңгерімге аудару үшін:
1. Telegram арнасындағы Beeline Dana Official Bot чатында авторизациядан өту керек (чат-ботқа алғаш кірген сәтте керек);
2. «Аударым», «Ақша аудару» және т.с.с. сөздері бар хабарлама жіберу қажет, бұларға әлі көптеген синоним қосылады;
3. Жауап ретінде Дана қай нөмірден аудару керек екенін сұрайды;
4. Ары қарай алушының нөмірін көрсету керек;
5. Аударым сомасын көрсету қажет;
6. SMS-код алып, оны енгізу керек;
7. Сәтті аударылғаны туралы SMS алыңыз.
Beeline желісіндегі, Beeline нөімірінен Beeline нөміріне аудару комиссиясы 0 теңге, Басқа операторлардың нөмірлеріне 5000 теңгеге дейін - 0%, 5000 теңгеден асса – аударым сомасының 1%-ы.
Қазір Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 5700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қосылуға болады. Бұл – халықтың 98%-ы, оның 70%-ы 4G стандартындағы интернетке қол жеткізе алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылған. Компанияның мобильді қаржы сервистерін қолданушылар саны миллион адамнан асады. Қоғамдық көлікте жолақы төлеу, коммуналдық және басқа да қызметтердің ақысын төлеу, сондай-ақ онлайн-сауда – Beeline абоненттеріне қолжетімді артықшылықтардың аздаған бір бөлігі ғана. МҚС қатарындағы озық қызметтердің бірі – Beeline картасы, ол нақты ақшасыз есеп айырысудың ыңғайлы құралы.
Толық ақпарат: www.beeline.kz
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz