Біз Google-мен бірге жаңа амал-шартты іске қостық, ол сізге өз теңгеріміңізбен Google Play-де ойындардың, қосымшалардың, кітаптардың, музыканың және тағы басқаларының ақысын төлеуге мүмкіндік береді!
Сатып алған заттың ақысын төлеу үшін Google Play-де «Beeline шотынан төлеу» төлем әдісін қосу керек.
1-әдіс:
1. Google Play-де қапталдағы мәзірден «Менің аккаунтымды» таңдау керек.
2. «Төлем әдісін қосу» бөлімінде «Beeline шотынан төлеу» әдісін таңдап, «Сақтау» пернесін басу керек.
3. Төлем әдістерінің қатарында «Менің Beeline шотым» амал-шарты пайда болады.
2-әдіс:
1. Google Play-ге кіріп, контентті таңдау керек
2. Контенттің бағасы бар пернені басу қажет.
3. Қосымша қосылуға рұқсат сұрайды. «Қабылдау» пернесін басыңыз.
4. Ашылған терезеден «Менің Beeline шотым» төлем әдісін таңдаңыз да, «Сақтау» пернесін басыңыз.
Кейінгі сатып алу кезінде Beeline шотын таңдап, «Сатып алу» пернесін басу жеткілікті.
Төлеуге болатын ең жоғары сома — 30 000 тг. Комиссиясыз.