Басты бет / Жаңалықтар

«Минуттарды ГБ-ға ауыстыру» қызметі қайта іске қосылды!

08.09.2025

15.09.2025 бастап «Минуттарды ГБ-ға ауыстыру» қызметін қайта пайдалана аласыз, бірақ енді ауыстыру құны 1 ГБ немесе 10 минут үшін 99 ₸ құрайды.

15.01.2025 дейін қызмет науқан аясында қосымша төлемсіз ұсынылды. Біз барлық шығынды өз мойнымызға алған едік, алайда сервисті қолдау ресурстарды талап етеді. Артығын керегіне ары қарай да аудара беру үшін, біз азғантай төлем енгіздік.

Айырбастау қалай жұмыс істейді:

• 1 ГБ = 10 минут = 99 ₸ (әр ауыстырғанға бір реттік төлем)
• Төлем мобильді нөмір теңгерімінен ауыстыру кезінде алынады.
• Күніне 3 ауыстыруға дейін жасауға болады. Ең бастысы, тариф бойынша абоненттік төлем төленген болуы қажет.

Мысалдар:

5 ГБ-ны 50 минутқа айырбастағыңыз келе ме?
Құны: 5 × 99 = 495 ₸

Ал 100 минутты 10 ГБ-ға ше?
Құны: (100 ÷ 10) × 99 = 990 ₸

Жай ғана теңгерімді толтырыңыз да, қажет болған сәтте ауыстырып алыңыз!

Толығырақ мына жерде.