27.03.24
2024 жылғы 1 сәуірден бастап Астана мен Көкшетауда Beeline желісінің жабдықтарын жоспарлы жаңарту басталады. Шымкент пен Жетісайда, сондай-ақ Ақмола және Түркістан облыстарында жабдықтарды жаңарту жұмыстары жалғаса береді. Жұмысты 2024 жылы 31 мамырда аяқтау жоспарлануда.
Тұрақты пайдаланылатын кез келген техника жаңартуды қажет ететіндіктен, жаңарту қажеттілігі туындауда. Осы себепті жаңартуды шегеру мүмкін емес.
Мобильді байланыс пен интернет осы уақытта үзіліп істеуі мүмкін. Сервистің бірнеше сағатқа шектелуі қолайсыздық тудыратынын түсінеміз, сондықтан оның салдарын Сіздер үшін мейлінше азайтуға тырысамыз.
Кешірім сұраймыз және түсінгеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз.