Басты бет / Жаңалықтар

«Үйдегі Интернет TV» ТВ-арналарының жаңа нөмірі: жалғаманы немесе Smart TV-ді қайта жүктеңіз

2022 жыл 6 сәуірде «Үйдегі Интернет TV» желісінде танымал төрт арнаның нөмірі өзгереді, олар: «ТНТ», «Пятница», HIT TV және TALIM TV. Көрерменімізге ыңғайлы болуы үшін, олар тізімнің бас жағына шығады.  

«ТНТ» телеарнасы пульттің 16-пернесіне ауысады, қазақ тіліндегі «ТНТ» —17-ші, «Пятница» — 18-ші, HIT TV мен TALIM TV сәйкесінше 26-шы және 52-пернелерде болады. 

Телевизия дұрыс жұмыс істеуі үшін, барлық қолданушы жалғаманы немесе Smart TV-ді қайта жүктеуі керек. Егер бірдеңе дұрыс болмаса, көмек алу үшін 31-31 нөмірі арқылы call-орталыққа хабарласуға кеңес береміз (қоңырау шалу тегін). 

Сүйікті арналарды көріп, көңіліңіз көтерілсін! 
«Үйдегі Интернет TV» Сізде № 1 деп үміттенеміз :)