Жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас кезінде бәрі бұрынғыдан да көп қоңырау шала бастағанда және видео көріп, мессенджерлерде сөйлесіп жатқанда, біз сапалы байланыс пен интернет-қосылысты қамтамасыз етіп тұрамыз.
Мереке қарсаңында және мереке кезінде сервистеріміз қалыпты режимде жұмыс істейді.
Бірақ 3 нәрсеге назар аударыңыз:
• Жаңа жыл түнінде аб.төлем түнгі 00:00-де емес, таңғы сағат 3.00-де тек алдын ала төлем жүйесіндегі тарифтерден ұсталады (корпоративті емес, стандартты тарифтер). Байланысқа алдын ала төлеуге кеңес береміз.
• 29 желтоқсан сағат 09:00-ден 31 желтоқсан сағат 15:00-ге дейін жауап берілмей қалған қоңыраулар мен дауыстық пошта туралы SMS-есеп тоқтауы мүмкін.
• 30 желтоқсан түн жарымынан 2022 жылғы 2 қаңтар сағат 23:59-ға дейін ақпараттық және жарнамалық SMS-таратылымдар: SMS-тің жеткізілгені туралы есеп, шоттағы қалдық, теңгерімді толтыру, қосылған қызметтер және т.с.с. келмеуі мүмкін. Жедел қызметтердің (112) таратылымдарына қатысы жоқ.
Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын! 2022 жыл биылғыдан жақсы – әңгімеге бай, қызықты сапарларға толы болсын, қуанышты кездесулер мен жақындар арасында өткен уақыт мол болсын!