Басты бет / Жаңалықтар

Жаңа жоғары жылдамдықты LTE Wi-Fi роутер PRO ZTE MF296R роутерін қарсы алыңыздар

26.02.2024

2024 жылдың 15-ші ақпанынан бастап Beeline PRО роутерлер сегментінің LTE Wi-Fi модельдік қатары кеңееді. Бұл құрылғылар пәтер мен үйдегі шексіз мобильді интернетке арналған.

Енді кез келген адам LTE Wi-Fi роутерінің ZTE MF286R моделін сатып алып,  LTE желісі бар жерде сымсыз интернетті қолдана алады. 

ZTE MF286R — бұл соңғы чипсеттерге негізделген роутер. 30 метр радиуста жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз етеді, LTE желісіндегі интернет жылдамдығы — 300 Мбит/с дейін. Басқа роутерлерге қарағанда 2 есе көп құрылғыны қолдайды! Wi-Fi екі стандарттарында — 2.4 ГГц пен 5 ГГц, бірыңғай желілік жүкті бірыңғай таратады.

Роутер бағасы 32 990 теңге. Жиынтықта «Интернет МАХ+» шексіз интернеті бар SIM-картасымен. Роутерге жағымды бонус бар — бірінші айда абонтөлем төлеудің қажеті жоқ, яғни тариф бойынша тек екінші айдан төлем шешіледі. 

Роутерге мына жерде тапсырыс беруге болады. 

Еске сала кетсек, Beeline LTE Wi-Fi роутерлері BASIC және PRO болып бөлінеді. Бұл арнайы SIM-картасы бар сымды интернет жүргізу мүмкін емес жерде үйдегі интернетті қолдануға арналған роутерлер. BASIC сегментіне базалық сипаттамалары бар R109D-A модельдер жатады. Жаңа ZTE MF296R моделі PRO сегменті. Құрылғыны қамту радиусы, интернет жылдамдығы мен қосылатын құрылғы санына қарап таңдаңыз.