26.08.2025
Құрметті клиенттер!
2025 жылдың 31 тамызынан бастап SIM-карталарды ресімдеу үшін жаңа ереже енгізіледі: енді бір ЖСН-ге 10 абоненттік нөмірден артық тіркеуге болмайды.
Егер Сізге 10 көп нөмір қажет болса, оператор оларды тек жазбаша өтініш негізінде ғана тіркей алады. Өтініште мына деректер көрсетілуі тиіс:
• әрбір нөмірдің пайдаланылу мақсаты;
• осы нөмірлер қолданылатын құрылғылардың сәйкестендіру кодтары (M2M-құрылғыларды қоса алғанда).
Бұл өзгеріс SIM-карталарды әділ пайдалануды қамтамасыз етуге, ашықтық пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.
Түсінгеніңізге рахмет!