Басты бет / Жаңалықтар

Қарағандыда және Қарағанды облысында Beeline жабдықтары жаңартылды

Шахтёрлар қаласында және облысында Beeline желісі ауқымды жаңартылды: 1004 базалық станцияға жаңа жабдық орнатылды. Бұрын интернет болмаған жерлерде 149 станция іске қосылып, 93 станцияда 4G желісінің жаңа диапазоны пайда болды, ол сыйымдылықты арттырады, демек интернет-байланыстың да жылдамдығы артады. 
Жұмыс жоспарлы түрде жүзеге асты және ол мобильді байланыс пен интернеттің сапасын жақсартуға ықпал етті. 

Жаңарту жұмыстары жүріп жатқанда, Қарағанды мен жақын елді мекендердің тұрғындарында қоңырау шалу барысында және интернет-сессия кезінде уақытша шектеулер байқалған болуы мүмкін. Техникалық жұмыстарды жүргізгенде, мұндайды айналып өту мүмкін емес. 

Қазір қалада және облыста Beeline желісі орнықты істеп тұр.

Сабырлығы ме сенім артқаны үшін қарағандылықтарға және олардың көршілеріне алғыс айтамыз! Біздің еңбегіміз оқушылардың, студенттердің, мұғалімдердің және оқуы мен жұмысы қашықтағы форматта жүретін мамандардың сапалы интернетті қолданып, кез келген мобильді нөмірге кедергісіз қоңырау шалуына көмектеседі деп үміттенеміз.