Басты бет / Жаңалықтар

Мобильді қаржы сервистерін қолданудың жаңа шарттары күшіне енді

2020 жыл 2 шілдеден бастап байланыс қызметтерінің топтамасы мен абоненттік төлемі жоқ тарифтерде Мобильді қаржы сервистері үшін комиссия енгізілетінін естеріңізге саламыз.

Теңгерімнен немесе Beeline Картасынан операция жасалса ғана комиссия ұсталады. Сомасы тұрақты, айына 51 теңге және жасалған төлемдердің немесе аударымдардың санына қарамайды.

Келесі айдан бастап комиссия төлемеу үшін және мобильді қаржының ыңғайлы сервистерін қолдану үшін интернет пен миунттар топтамасы бар әдепкі тарифке ауыссаңыз болды. Қолайлы тариф жоспарды мына жерден таңдай аласыз.

Абоненттік төлемі бар тариф қосқан барлық жан жолақыны, коммуналдық түбіртектерді теңгерімнен төлеп, билеттер сатып ала алады және нөмірден нөмірге ақша аударып, Beeline Картасын комиссиясыз қолдана алады.