Басты бет / Жаңалықтар

Үйге арналған жаңа мобильді интернет қызметі

2023 жылғы 3 наурыздан бастап кез келген жан «Интернет МАХ+» тарифін шексіз мобильді интернетпен және екінші нөмірдегі мобильді байланыспен бірге қоса алады. 

«Интернет МАХ+» тарифі «Интернет МАХ» тарифінің орнына шығады. Бұрынғы тарифті қолданып жүрген барлық адам, қаласа оны ары қарай да қолдана береді. Жаңа қолданушылар абоненттік төлемі 9 990 тг/ай «Интернет МАХ+» тарифін ғана қоса алады. 

Тарифпен орнықты жаңа 4G Wi-Fi роутер беріледі. Ол – үйдегі интернеттің ыңғайлы баламасы, әсіресе әдепкі оптоталшықты интернетті қосу мүмкіндігі жоқ аудандарда өте қолайлы. 

Жаңа R109D-A роутері 24 990 теңге тұрады.Сіз роутер үшін бір рет 24 990 теңге төлеп, бонус ретінде бірінші ай шексіз интернет аласыз. 

Қосымша бонустар: Сіз «Отбасы ортасы» қызметімен қазіргі немесе жаңа SIM-картаны қосып, Beeline-ға шексіз, Қазақстандағы басқа мобильді операторлардың нөміріне 100 минут қоңырау шалу және ҚР-дағы барлық мобильді нөмірге 100 SMS жолдау мүмкіндігін пайдалана аласыз. Сондай-ақ тарифтің барлық пайдаланушысы фильмдері, телехикаялары мен арналары бар BeeTV Free жазылымын қоса алады. 

Толық білу.