13 тамыз 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. 5000-нан астам қазақстандық күйзелісті басқару үшін Beeline ұсынған сервисті қолданып үлгерді. Қосымшаны мемлекеттік тілде пайдалану мүмкіндігі алғаш рет ашылды.
NoStress қосымшасы эмоциялық құлдыраудың сан алуан түрімен жұмыс істейді, ширығу және күйзелу сезімдерін бәсеңдетуге көмектеседі. Қолданушылар «Жүктілік», «Балалардың ұйқысы», «Аэрофобия», «Ұйқыны жақсарту», «Алаңдау» және «Созылмалы шаршаңқылық» тәрізді модульдерге қол жеткізе алады. Әр бөлім өмірдің белгілі бір сәтіндегі күйзелісті жоюға бағытталған медиативті терапевтикалық контенттен тұрады.
Қызмет туралы Beeline Қазақстанның Қосымша қызметтерді басқару қызметінің жетекшісі Игорь Капралов былай дейді: «Карантин кезінде психологқа жүгінуге, тіпті желіде кеңес алуға барлық жанның мүмкіндігі бола бермейді. Бірақ бұл біздің көңіліміздегі алаңдаушылықты, күйзеліс пен ұйқысыздықты жоймайды, керісінше күшейте түседі. Клиенттеріміздің қамын ойлай отырып, біз релаксацияға және күйзелістен арылуға арналған медитация түріндегі тиімді құрал жасап шығардық, медитация діни немесе эзотерикалық ресімдерді білдіруден қалғалы біршама уақыт болды, ол алаңдаушылық пен шаршауды азайтудың ғылыми әрі нәтижелі тәжірибесі саналады. Медитативті тәжірибені игеру үшін, көптеген кітап оқып, ұзақ уақыт үйрену шарт емес, Beeline-ның NoStress қосымшасын жүктеу жеткілікті».
Сервис, қосымша мен оның контентін жасауға сарапшы болған психолог Рашид Азизовпен бірігіп жасалды. NoStress-те эмоциялық күйзеліс реакциясының нейрофизиологиясы саласындағы диагностика және коррекцияның авторлық методикасы қолданылады. Рашид жиырма жыл бойы күйзелістің психофизиологиясы саласындағы клиникалық зерттеулермен айналысқан. «Жұмыс барысында, сезімдер тепе-теңдікті бұзып, жағымсыз жағдайларға алып келетінін анықтадым. Бірақ, тұрақты медитативті тәжірибенің нәтижесінде, реттеудің психофизиологиялық әдістерінің арқасында қалыпты қызмет етуге қажет нейрон байланыстарын табиғи күйге түсіруге болады», - дейді психолог.
NoStress – тән мен физиологиялық үдерістерді сезінуге бағытталған қарапайым алгоритм түріндегі аудио нұсқау. Соның нәтижесінде мидың эмоциялық рефлекстерге жауапты бөліктері жаттығады. Қосымшаны iOS және Android платформаларындағы барлық смартфон пайдаланушы қолдана алады.
Толық ақпарат: beeline.kz
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz