Басты бет / Жаңалықтар

Қош, «Түнгі шексіздік»! Сәлем, «Ұйқтатпас интернет»!

23 желтоқсан 2021 жылы «Түнгі шексіздік» қызметі жабылады. Оны қолданып жүргендерге сол күннен бастап шапшаң «Ұйқтатпас интернет» қосылады.  

«Түнгі шексіздік» қызметі жабылады. Кейбір қолданушылар техникалық кемшілікті тауып, қызметті шектен тыс қолданған.  Оны жекелеген қолданушыларға қайта қосу мүмкіндігі болмайды. 

«Ұйқтатпас интернет» те 00:00 – 07:00 (Нұр-Сұлтан уақытымен) аралығында шексіз мобильді интернетті ыңғайлы шарттармен береді.
 

Қызмет «Түнгі шексіздік» «Ұйқтатпас интернет»
Абоненттік төлем аптасына 290 тг аптасына 490 тг
Әділ пайдалану саясаты қосылатын трафик шегі 70 ГБ пайдаланған соң 80 ГБ пайдаланған соң
Трафик шегіне жеткен соң жылдамдық күндіз де, түнде де 256 Кбит/с дейін төмендейді түнде 1,5 Мбит/с дейін төмендейді

 

Жаңа қызметті ақысыз сынап көруге болады. «Түнгі шексіздіктің» өшірілуіне байланысты «Ұйқтатпас интернет» қосылған қолданушылар алғашқы 14 күнде төлемейді, ары қарай абоненттік төлем аптасына 490 теңге. Егер қызмет ұнамаса, оны өшіру оңай: мобильді құрылғыдан *956*0# пәрменін терсеңіз болды. 
«Ұйқтатпас интернет» қызметін өшіріп, кейін қайта қосқанда, тегін кезең болмайтынын ескеру керек.

Шапшаң интернет түнде де, күндіз де болсын!