Басты бет / Жаңалықтар

Жаңа "BeeHome+” тарифімен мобильді байланыстың құнын екіге бөлеміз

2023 жылы 17 наурызда «Үйдегі интернеттің» жаңа "BeeHome+” тарифі ашылады. Оның ерекшелігі, үйдегі интернетті қосқанда, мобильді байланысқа 50% жеңілдік берілетінінде. Сонымен қатар үйдегі телевизияны 6 ай қосымша төлемсіз пайдаланасыз. 
Тарифке не кіреді?
Үйдегі шексіз интерне
т
Үйдегі интернеттің жылдамдығы — 100 Мбит/с дейін. Ал Gpon технологиясын қолдайтын үйлерде айына небәрі 500 теңге қосымша төлеп, жылдамдығы 200 Мбит/с дейінгі және 500 Мбит/с дейінгі тарифті қосуға болады. Технология келесі қалаларда қолжетімді: Астана, Алматы, Атырау, Қызылорда және Шымкент. Бірақ қалалардың тізімі үнемі толықтырылуда, нақты мекенжайды сайттан техникалық мүмкіндікті тексергенде білуге болады.
50% жеңілдігі бар мобильді байланыс
Сіз екі тарифтің бірін таңдай аласыз, олар: «Супер 4990 ₸/ай» немесе «Супер 3990 ₸/ай», бірақ СуперКүш болмайды. Жеңілдікпен олар Сізге таңдаған толтырымыңызға қарай небәрі 2490 тг/ай немесе 1990 тг/ай болады. Тарифке 5 нөмірге дейін қоса аласыз.   
2490 ₸/ай тарифіне: 18 ГБ трафик, шексіз YouTube, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер, Beeline-ға шексіз, ҚР-дағы басқа моб.нөмірге 210 минут қоңырау шалу мүмкіндігі және қосымша төлемсіз BeeTV Free кіреді.
1990 ₸/ай тарифіне: 13 ГБ трафик, Beeline-ға шексіз, ҚР-дағы басқа моб.нөмірге 110 минут қоңырау шалу мүмкіндігі және қосымша төлемсіз BeeTV Free кіреді.
Үйдегі телевизия
Қаласаңыз, қызметтер топтамасына телевизияны 6 айға қосымша төлемсіз қоса аласыз. Таңдауыңызға бірнеше ТВ-топтама бар: «Тиімді» небәрі 1400 тг/ай, «Оңтайлы» - 1700 тг/ай және «Ең көбі» - 2000 тг/ай. Алғашқы 6 ай ТВ үшін қосымша төлем төлемейсіз. 
Роутер
Қызметті қосқан кезде, Basic роутерді қосымша төлемсіз ұсынамыз. Сіз ештеңеге алаңдамай, интернетті пайдалана бересіз. 
Жаңа “BeeHome+” тарифі туралы толық ақпаратты мына жерден біле аласыз. 
Тарифті дәл қазір қосып, үйдегі шексіз интернеттен және тиімді байланыстан ләззат алыңыз.