Роумингтің әдепкі тарифтеріндегі өзгерістер

10 тамыз 2021 жылдан бастап роумингтің әдепкі тарифтерінің шарттары жаңарады. 

Шапшаң интернет пен қоңырауға арналған минуттар 2 есе көбейеді! 

Егер ТМД елдеріне немесе алыс шетелге барсаңыз, күніне 990  теңгеге Сізге шексіз интернет береміз. Бұрынғы 100 МБ-ның орнына ең жоғары жылдамдықтағы 200 МБ аласыз. Трафик біткенде, интернет сол күннің соңына дейін 128 Кбит/сек жылдамдықта істейді. 

ҚР мен барған еліңіздің кіріс/шығыс қоңырауларына бір күнге 20 минут аласыз, бағасы 990 тг/күн. Олар біткеннен кейінгі әр минут 69 тг тұрады. 

Минуттар топтамасын алу үшін, қоңырау шалсаңыз немесе қоңырау қабылдасаңыз болды. 

Роумингтің басқа тариф жоспарлары мен қосымша қызметтерінің шарттары өзгермейді. 

ТМД елдері мен алыс шетел: Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Австралия, Австрия, Албания, Алжир, Ангилья, Антигуа мен Барбуда, Аргентина, Ауғанстан, Бангладеш, Барбадос, Бельгия, Болгария, Босния және Герцеговина, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Гаити, Германия, Гонконг, Гренада, Грекия, Дания, Доминика, Доминикан Республикасы, Египет, Израиль, Үндістан, Индонезия, Иордания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Кайманов аралдары, Камбоджа, Канада, Катар, Кипр, Қытай, Коста Рика, Кьюрасао, Лаос, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Макао, Македония, Малайзия, Мальта, Мексика, Монако, Моңғолия, Мьянма, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, БАӘ, Пәкістан, Панама, Папуа-Жаңа Гвинея, Перу, Польша, Португалия, Пуэрто-Рико, Румыния, Самоа, Сауд Арабиясы, Сенегал, Сент-Винсент және Гренадины, Сент-Китс пен Невис, Сент-Люсия, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Таиланд, Тайвань, Танзания, Теркс және Кайкос, Түркия, Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эстония, ОАР, Оңтүстік Корея, Жамайка, Жапония.