Басты бет / Жаңалықтар

«Жарқын 3990» тарифіндегі шексіздіктер акциясының жаңа шарттарымен ұзартылады

2023 жылғы 16 наурыздан бастап «Жарқын 3990» тариф жоспарындағы шексіз видео, әлеуметтік желелер мен мессенджерлер акциясының шарттары өзгереді. 

Бұл сервистерге акциямен берілген шексіз трафиктің орнына, көрсетілген күннен бастап 15.07.23 дейін ай сайын 25 ГБ интернет-топтама ұсынылады. Бұл ретте негізгі интернет-топтаманың көлемі өзгермейді. 25 ГБ біткен соң, видео, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге трафик негізгі интернет-топтамадан жұмсалады. 

Танымал видеосервистерді, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді шексіз қолданғысы келетін клиенттер «Супер» тарифтерін қоса алады. Оларда шексіздіктер, интернет-трафиктің әдепкі гигабайттары мен қоңырау шалатын минуттар ғана емес, таңдауыңызға қарай бірегей СуперКүш: BeeTV-де мыңдаған киноны көру, hitter-де қазақстандық және шетелдік хиттерді тыңдау немесе Simply-де көбейтілген кешбэк алу мүмкіндігі ұсынылады.  

Қолайлы тарифті мына жерден таңдауға болады .