18.06.2025
2025 жылдың 18 маусымнан бастап әрбір Beeline қолданушысы айтарлықтай жаңарған «Премиум Отбасы» желісінің кез келген 3 тариф жоспарын қоса алады. Жаңартудағы басты екпін — тарифтерге қосуға болатын нөмірлер санын арттыру, мол бонустар мен интернетке кіру мүмкіндігін кеңейтуге қойылған.
Көбірек нөмір
Енді тарифке отбасыңыздың одан да көп мүшелерін қоса аласыз. Екі, төрт және алты адамға арналған «Премиум Отбасы х2», «Премиум Отбасы х4» және «Премиум Отбасы х6» нұсқалары бар.
Бүкіл отбасына шексіз интернет
Жаңартылған тарифтердің басты ерекшеліктерінің бірі — жоғары жылдамдықтағы интернеттің артуы. Барлық қосылған нөмірлер үшін шексіз интернет сақталады, енді ол барынша жоғары жылдамдықта:
• «Премиум Отбасы х2» – 120 ГБ
• «Премиум Отбасы х4» – 240 ГБ
• «Премиум Отбасы х6» – 360 ГБ
Кешбэк пен сыйлықтар
Таңғалуға дайын болыңыз, себебі тариф жоспарымен бірге мол бонустар ұсынылады:
• Смартфон + үйдегі интернет және ТВ
• Роутер
• Смарт-сағат
Сонымен қатар, абоненттік төлемді уақытылы төлеген жағдайда, Сіздің теңгеріміңізге бонус түрінде 2000 S! кешбэк түсіп отырады, оларды кез келген сатып алуға жұмсауға болады. Осылайша, «Премиум Отбасы х6» абоненттік төлемі 19 999 ₸/ай болса, нақты құны — 17 999 ₸/ай, «Премиум Отбасы х4» — 16 999 ₸/ай орнына 14 999 ₸/ай, ал «Премиум Отбасы х2» — 13 999 ₸/ай орнына 11 999 ₸/ай болады. Кешбэк абонтөлем алынғаннан кейін бірден беріледі.
Сүйікті бонустар
Барлығына ұнайтын, жақсы таныс бонустар тарифтердің жаңа желісінде де сақталады:
• BeeTV-дегі Kino жазылымы
• hitter музыкалық қосымшасына premium-жазылым
• Simply арқылы сатып алулар үшін мегакэшбэк
• BeeCloud-та 10 ГБ
Ескі тарифтердегі өзгерістер
Назар аударыңыз: 2025 жылдың 18 маусымнан бастап «Премиум х1», «Премиум Отбасы х3» және «Премиум Отбасы х5» тарифтері архивке жіберіледі. Оларға қосылу мүмкін болмайды, бірақ қазіргі қолданушылар бұрынғы шарттарда қолдана береді.
Біз жаңартылған «Премиум Отбасы» тарифтері байланысты бұрынғыдан да ыңғайлы әрі тиімді етеді деп сенеміз. Қосымша ақпарат пен қосылу шарттарын осы жерде, Janymda қосымшасында, ресми чат-боттарымызда және Қазақстан бойынша Beeline сату кеңселерінен біле аласыз.