«Сөйлесу 2019» тарифіне 14 маусым 2022 жылдан бастап бұрынғыдан да көп мүмкіндік болады

14 маусым 2022 жылдан бастап «Сөйлесу 2019» тариф жоспарында Қазақстандағы басқа мобильді нөмірге қоңырау шалу минуттарының топтамасы мен SMS топтама үлкейеді. 
Тарифтердің жаңа шарттарымен танысуыңызды өтінеміз: 

  

Тариф

Сөйлесу 2019

Абоненттік төлем

1790 тг/4 апта

Beeline нөмірлеріне қоңырау соғу

Шексіз

ҚР-дағы басқа мобильді номірлерге қоңырау шалу

100 мин

Beeline нөмірлеріне SMS жолдау

100 SMS

Интернет-топтама

29 тг/20 МБ

Негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, бұрынғыдай күн сайынғы топтама қосылады. Тарифтің жаңа шарттары бойынша, күн сайынғы топтама 130 тг/тәулігіне болады, оған Beeline-ға шексіз, ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге 5 минут қоңырау шалу мүмкіндігі кіреді. 

Минуттар топтамасы біткен соң, сондай-ақ абоненттік төлем ұсталмаса, Қазақстандағы барлық мобильді нөмірге қоңырау шалу құны минутына 18 теңге, бір SMS құны – 18 теңге. Интернет – 29 теңгеге 20 МБ беріледі. Қазақстандағы қалалық нөмірге қоңырау шалу - 18 теңге/мин.