Басты бет / Жаңалықтар

Үйіңізде жаңа роутер: 2022 жылы наурызда не өзгереді

Үйдегі шапшаң интернетке сапалы роутер керек. Енді «Үйдегі Интернетте» таңдауыңызға Wi-Fi роутердің 3 түрі — Econom, Basic және Ultimate ұсынылады.

 

Econom роутерлері —60 шаршы метрге дейінгі орынжайға, бір-екі адамға арналған, арзанқолды роутерлер. Бір диапазонда жұмыс істейді, екі антеннасы бар, соның арқасында интернет пен оның таралымына деген базалық талаптарды қамтамасыз етеді.

 

Атауы айтып тұрғандай, Basic — шағын пәтер немесе үйге арналған базалық қондырғы. Егер тұрғын жай ауданы 80 шаршы метрден аспаса, ең оңтайлы нұсқа осы. Basic екі диапазонда қатар жұмыс істеп, интернеттің ең жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді. Төрт антеннасы бар, соның арқасында оның өткізу мүмкіндігі жоғарылайды. Сонымен қатар, роутер кедергісі бар орынжайларда күшейтілген сигналды қай жаққа жіберу керек екенін өздігінен анықтайды. Үйдегі интернет еш іркіліссіз және үзіліссіз, орнықты болады.

 

Егер роутер кең пәтерге, апартаменттерге немесе көп деңгейлі үйлерге керек болса, Ultimate роутерлерін қарастырған жөн. Жабдықтың бірнеше модулі болуы мүмкін, соның арқасында, интернетке қосылатын құрылғылары көп, 200 шаршы метр ауданды қамти алады. Ultimate бос жер қалдырмайды. Одан бөлек, оның Hi-Tech дизайны кез келген интерьермен тамаша үйлеседі.

 

Econom түріндегі Wi-Fi роутерідің бірін жалға алу айына небәрі 400 теңге, Basic  — 700 теңге, бір Ultimate — 700 теңге (бір модуль).

 

Егер Сізде біздің роутер әлі жоқ болса немесе роутеріңіздің үлгісі ескі болса, оны жаңасына оп-оңай ауыстыра аласыз. Біздің сайттан толық ақпарат білуге және жалдауға өтініш беруге болады.

 

Егер әлі біздің клиент болмасаңыз, қош келдіңіз, мына жаққа өтіңіз!