Басты бет / Жаңалықтар

Жаңа қызметті бірдемде қосамыз

Көп — үнемі ең жақсысын білдірмейді. Кейде интернеттің, минуттар мен SMS-тің біржолғы шағын топтамасы да жетеді.

Клиенттеріміз өздеріне қолайлы трафик көлемін алуып, артық ақы төлемес үшін, жаңа біржолғы топтамаларды іске қостық. 

2020 жылғы 20 тамыздан бастап, таңдауыңызға 3 интернет-топтама – 1, 4 және 8 ГБ ұсынылады, құны – сәйкесінше 790 теңге, 1490 теңге және 1790 теңге.

Қоңырау шалуға арналған біржолғы топтамада 50 минут 690 теңге, ал 100 минут 990 теңге. Бұл орайда, оларды мобильді нөмірлерге ғана емес, сонымен қатар бүкіл Қазақстандағы қалалық нөмірлерге қоңырау шалуға пайдалануға болады.

SMS-топтамада 50 хабарлама 590 теңге, оны ҚР-дағы кез келген мобильді нөмірге жіберуге болады.

Тағы бір тамаша жаңалық. Барлық біржолғы топтаманы қосылған сәттен бастап 30 күн ішінде пайдалануға болады.

Қосу жолы:

 

Интернет
 

Минуттар

SMS

Мобильді құрылғыдан пәрменді теру арқылы

1 ГБ — *466*1#
4 ГБ — *466*2#
8 ГБ — *466*3#
 

50 мин — *465*1#
100 мин — *465*2#

50 SMS — *467*1#

 

Талмай қолдана беріңіз!