«Сөйлесуге архивтік» тарифінде 22 сәуір 2021 жылдан бастап қандай жаңалық болады

«Сөйлесуге архивтік» тариф жоспарында Қазақстандағы басқа мобильді нөмірге қоңырау шалу топтамасы мен SMS топтамасы үлкейеді. Тариф енді «Сөйлесу 2019» деп аталады.

22 сәуір 2021 жылдан бастап тариф шарттары келесідей болады:

22.04.2021 бастап тариф жоспарының жаңа атауы

«Сөйлесу 2019»

Абоненттік төлем

1490 тг/4 апта.

Beeline-ға қоңырау шалу

Шексіз

ҚР-дағы басқа моб.нөмірге қоңырау шалу

80 мин

Beeline нөмірлеріне SMS жолдау

SMS на номера Beeline

Интернет-топтама

29 тг/20 МБ

Негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, бұрынғыдай күн сайынғы топтама қосылады. Тарифтің жаңа шарттары бойынша, күн сайынғы топтама 130 тг/тәулігіне болады, оған Beeline-ға шексіз, ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге 5 минут қоңырау шалу мүмкіндігі кіреді.

Минуттар топтамасы біткен соң, сондай-ақ абоненттік төлем ұсталмаса, Қазақстандағы барлық мобильді нөмірге қоңырау шалу құны минутына 18 теңге, бір SMS құны – 18 теңге. Интернет – 29 теңгеге 20 МБ беріледі. Қазақстандағы қалалық нөмірге қоңырау шалу - 18 теңге/мин.