Басты бет / Жаңалықтар

«Үйдегі интернеттің» архивтегі кейбір тариф жоспары жабылады

21.12.2023

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап «Үйдегі интернеттің» архивтегі бірнеше тарифі жабылады. 

Егер тариф жоспарыңыз төмендегі тізімде болса, 2024 жылғы 31 қаңтарға дейін өзекті тариф жоспарлары қатарындағы кез келген тарифке осы және келесі айда қосымша төлемсіз ауыса аласыз. Сайттан толық ақпаратты білуге және таңдауға болады. 

Егр тариф жоспарын ол күнге дейін өзіңіз ауыстырмасаңыз, 1 ақпаннан соң қызметтер топтамасы ұқсас тарифке автоматты түрде ауыстырыласыз. 

Жабылатын тарифтер:

«Қос Шексіздік 500 архив», «Ұтымды одақ Премиум арх», «Студенттік одақ 40 архив», «Жарқын 7я акционный_500 архив», «Яркая отбасы 1+2_500 архив», «Жарқын отбасы акциялық_200 архив», «Жарқын отбасы 1+2_200 архив», «Жарқын отбасы_500 архив», «Шексіз 20», «New Year», «2017 Әрдайым 100», «2017 Ұтымды одақ 100 архив».

Тарифтің жабылатыны туралы ақпарат «Үйдегі интернет» қызметінің байланыс нөмірлеріне BeeHome-нан келген SMS-пен жіберілді.