05.12.24
09.01.2025 бастап «Көршілер» қызметі тоқтатылады. Бұл қызмет арқылы халықаралық қоңырауларды 49 тг/мин және 99 тг/мин тарифтерімен шалуға болатын. Қызмет тоқтатылғаннан кейін басқа елдерге қоңыраулардың құны стандартты тариф бойынша 190 тг/мин құрайды.
Біз Сізге үздік қызмет көрсету үшін, қызметтердің сапасын жақсартып, үнемі жүйелерді жаңартып отырамыз. Өкінішке қарай, «Көршілер» қызметі жаңа техникалық талаптарға сай келмейді, сондықтан оны жабуға мәжбүрміз.
Егер Сіз басқа елдерге жиі қоңырау шалсаңыз, біздің жаңа «Премиум» тариф жоспарларын таңдауыңызға болады: халықаралық қоңыраулар пакеті осы тарифке енгізілген. Сонымен қатар, жақын арада «Көршілер+» жаңа қызметі іске қосылады, ол туралы мәліметтерді жақын арада жариялаймыз.
«Көршілер» қызметінен бөлек, «Көршілер» науқаны бар, ол 30.06.2025 қоса алғанға дейін ұзартылды. Бұл науқаннын Сіздің тарифіңізге қатысы бар-жоғын біздің сайттағы Науқандар бөлімінен тексеруге болады.
Сеніміңізге рахмет!