17 маусым 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қазақстан компаниясы Менің Beeline-ым мобильді қосымшасын жетілдіре түсуде және «Аударымдар» бөлімінде телефон теңгерімінен Тәжікстанға ақша аудару мүмкіндігі ашылғанын қуана хабарлайды. Қызмет Wooppay қаржы технологиясы компаниясының транзакция рәсімі шешімінің арқасында ашылды.
Аударымды Тәжікстанның келесі мобильді операторлары мен төлем жүйелеріне жасауға болады:
– Beeline Tajikistan;
– Megafon Tajikistan;
– Tcell;
– Babilon-Mobile.
– Dushanbe City Wallet;
– Korti Milli.
Теңгерімнен Тәжікстанның мобильді операторларының теңгеріміне аударым жасау үшін:
1. «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын ашу;
2. «Төлемдер» бөліміне өту;
3. «Мобильді байланыс» бөлімшесін, оның ішінде тиісті операторды таңдау;
4. Аударым сомасын көрсету;
5. SMS-код алып, оны енгізу;
6. Аударымның сәтті өткені туралы SMS алу керек;
7. Комиссия – аударым сомасының 1.5%-ы.
Тәжікстанның төлем жүйелеріне аударым жасау үшін:
1. «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын ашу;
2. «Төлемдер» бөліміне өту;
3. «Банктер және қаржы» бөлімшесін және оның ішінде тиісті банк пен төлем жүйесін таңдау;
4. Аударым сомасын көрсету;
5. SMS-код алып, оны енгізу;
6. Аударымның сәтті өткені туралы SMS алу керек;
7. Комиссия – аударым сомасының 2%-ы.
«Тәжікстанға ақша аудару бұрынғыдан да жеңілдей түсті, енді ол үшін бір жаққа барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Біз мобильді нөмірлерге, карталар мен шоттарға телефоннан аудару қызметін аштық. Аудару үшін, Менің Beeline-ым қосымшасы орнатылған смартфон ғана қажет. Қазір Қазақстанда жұмыс істейтін Тәжікстан азаматтары ақшаны телефон теңгерімінен аудара отырып, туғандары мен жақындарына көмектесе алады», - деді Beeline Қазақстанның Сату және өңірлік даму бөлімінің басшысы Анастасия Ли.
Wooppay мобильді қаржы сервистері бағытының жетекшісі Артем Тимофеев: «Телефон теңгерімінен төлеу – қазір ең жылдам және ыңғайлы төлеу әдісі. Тәжікстан - елдегі карталарының үлесі 77,9% (шамамен 1,9 млн. карта) құрайтын Korti Milli ұлттық төлем жүйесінің карталарына ақша аударуға болатын алғашқы ел болып отыр. Біздің қолданушылар мен Beeline абоненттері мұндай аударымдардың қарапайым әрі ыңғайлы екеніне көз жеткізеді деп үміттенемін. Аударымды Korti Milli картасына Менің Beeline-ым қосымшасынан жасауға болады», - деді.
Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 5700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қосылуға болады. Бұл – халықтың 98%-ы, оның 70%-ы 4G стандартындағы интернетке қол жеткізе алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылған. Компанияның мобильді қаржы сервистерін қолданушылар саны миллион адамнан асады. Қоғамдық көлікте жолақы төлеу, коммуналдық және басқа да қызметтердің ақысын төлеу, сондай-ақ онлайн-сауда – Beeline абоненттеріне қолжетімді артықшылықтардың аздаған бір бөлігі ғана. МҚС қатарындағы озық қызметтердің бірі – Beeline картасы, ол нақты ақшасыз есеп айырысудың ыңғайлы құралы.
«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің барлық клиенті Android және iOS мобильді платформаларында пайдалана алады.Толық ақпарат: www.beeline.kz
***
WOOPPAY компаниясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сай, электронды ақша жүйесінің операторы және нарықта 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. WOOPPAY ақшаны қабылдау және аудару, сондай-ақ әртүрлі салада қызмет ететін серіктес компаниялардың қаржы ағынын оңтайландыру саласындағы бірегей шешімдер ұсынады. Қазір «WOOPPAY» ҚР аумағындағы онлайн төлемдер нарығының көшбасшысы және Төрт эмитенттің элктронды ақша жүйесінің ең ірі операторы. Wooppay онлайн төлемдерді таныту, ауқымын кеңейту және айналымын кеңейтудің жоғары қарқынын сақтап отыр.
7 жылдан бері Wooppay Қазақстанда және шетелде серіктестердің мүмкіндігін кеңейтетін қаржы құралдары мен бизнес үлгілерін құруда. Мобильді операторлардың 12 миллионнан астам клиенті Wooppay-мен телефон теңгерімінен төлеу мүмкіндігіне қол жеткізді. Wooppay Beeline-ның мобильді телефон нөмірінің теңгеріміне тіркелген толыққанды банк картасын шығарған Қазақстандағы алғашқы компания болуына көмектесті.
Wooppay бизнес-үлгілерді жасап, техникалық шешімдерді жүзеге асырады, транзакция үдерістерін оңтайландырады. Компания өз клиенттеріне оффлайн және онлайн төлеудің қолжетімді әрі заманауи жолдарын ұсынуға тырысады.
Александр Крылов
Wooppay Баспасөз-хатшысы
akrylov@wooppay.com
+77775719620
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz