07.03.24
2024 жылдың 11-31 наурыз аралығында , Шымкент, Жетісу, Ақмола мен Түркістан облыстарында Beeline желісінің құрылғыларын жаңарту жоспарланған жұмыстары жүреді.
Бұл маңызды жұмыстар, себебі үнемі пайдаланыста болатын техника тозып, жаңартуды талап етеді.
Осы күндері мобильді байланыс пен интернет жұмысында ақаулықтар болуы мүмкін.
Бірнеше уақытқа байланыссыз қалу ыңғайсыз екенін түсінеміз. Алайда біздің техникалық мамандар тез арада құрылғыларды жаңасына ауыстыруға тырысатын болады.
Кешірім сұраймыз және түсінігіңізге алғыс білдіреміз.