Мобильді аударым: қызметтегі 5 өзгерістер

2021 жылдың 6 желтоқсанында Beeline-ның «Мобильді аударым» қызметі жаңартылып, ыңғайлырақ болады:

  1. Енді бірнеше минут күтудің қажеті жоқ: 30 секунд және аударым жасалды. 
    Алайда, операцияны тоқтату мүмкін емес, сондықтан жібермес бұрын алушының нөмірін тексеріңіз.
  2. Енді аударымдарға тыйым салынбайды. 
    Сонымен, егер қажет болса, аударымға рұқсат беру үшін артық қозғалыстың қажеті жоқ.
  3. 145 нөміріне SMS жібермейсіз. 
    USSD пәрменді қолданыңыз, себебі бұл әлдеқайда оңай:*145*алушының телефон нөмірі * аударым сомасы#
  4. «Үйдегі Интернет» логиніне ұзақ уақыт есте сақтау керек команда бойынша аударым жасаудың қажеті жоқ. 
    «Менің Beeline-ым» қосымшасындағы немесе сайттағы «Аударымдар мен төлемдер» бөліміндегі бірнеше шертумен қаражатты логинге аударыңыз.  Иә, комиссия 0%.
  5. Қызмет құны аударым сомасының 10%-ын құрайды (кем дегенде 30 теңге). 
    Бір реттік аударымның ең төменгі және ең жоғарғы сомасы өзгеріссіз қалады-10 теңге және 50 АЕК.

«Мобильді аударым» қызметін арнайы қосудың немесе баптаудың қажеті жоқ. Жай ғана USSD-пәрмен пайдаланыңыз:*145*алушының телефон нөмірі * аударым сомасы# Толығырақ осы жерден біліңіз. 
Тағы бір тамаша жаңалық (енді жаңалық емесJ): «Менің Beeline» мобильді қосымшасында Beeline нөмірлеріне және «Үйдегі Интернет» логиніне кез келген аударымдарды бұрынғыдай КОМИССИЯСЫЗ жасауға болады! Қосымша арқылы қаражатты теңгерімнен ҚР кез келген ұялы операторларының нөмірлеріне, банктік шотқа, банктік картаға және т.б. жіберуге болады.

Смартфонда әлі «Менің Beeline-ым» жоқ па? Онда дәл осы жерден жүктеп алыңыз.