04.12.2023
Алаяқтар WhatsApp-та алаяқтық жасау жолдарын ойлап тапқан. Аккаунтты бұзып, таныстар атынан қарызға ақша, дербес деректерді сұрап немесе басқа күдік тудыратын әрекеттер істеуде.
Таныс емес адамдарға дауыс бермеңіз!
WhatsApp аккаунттарын бірнеше жолмен бұзады. Олардың бірі: Сізге бір адамға дауыс беру үшін сілтеме жібереді. Сілтеме арқылы өткен кезде, Сіздің аккаунтыңызды басқа құрылғыда логиндеп, Сіздің рұқсатыңызды алған сияқты қылып, бұзады.
Көзіңізге сенбеңіз!
Бұзған соң, алаяқтар құрбанның соңғы байланыстары бойынша тез арада ақпарат жіберіп, туындаған қиындықтар туралы жазып, ақша сұрайтын болады. Оған қоса бұл хабарламалар Сіздің түпнұсқа нөміріңізден, аватар және есіміңізбен келеді. Хабарламада алаяқ карта телефон нөміріне байланбағанын айтып, тек қана карта нөмірін жібереді. Сондықтан оны аты-жөні бойынша тексеру мүмкін емес.
Сізге хабарлама жіберген адамға қоңырау шалыңыз!
Егер танысыңыз не жақыныңыз Сізге WhatsApp-қа жазса, және ақша жіберуді өтінсе, қайта қоңырау шалып, сөйлесіп көріңіз. Аккаунт иесімен сөйлесіп тұрғаныңызға көз жеткізіңіз. Егер нөмір бос болмаса, жауапты күтіңіз. Кей кездері алаяқтар профиль иесіне қоймай дыбыстық хабарлама жазып, құрбан атынан ақша жіберуді сұрайды.
Хабарламалардағы сілтеме арқылы өтпеңіз!
Ақша сұрағаннан кейін, жіберілген сілтеме арқылы өтпеңіз. Таныс емес карталарға, банк шоттарына, виртуалды әмияндарға ақша жібермеңіздер. Егер олар телефонға не сұраушының атына байланған болса, тіпті өтпеңіз.
Екіфакторлы авторизация қойыңыз!
Аккаунт бұзудан қорғау үшін, екіфакторлы авторизация орнатыңыз: Баптау → Тіркеу жазбасы → Екіқадамдық тексеру.
Өтінеміз, абай болыңыз!