Басты бет / Жаңалықтар

Beeline Қазақстан Мақтааралдағы үй құрылысына 500 миллион теңгеден аса қаражат бөлді

19 тамыз 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline Қазақстан індет кезінде халқымызды қолдау үшін құрылған «Birgemiz»* қорына кезекті үлесін аударды. 
  
Мамыр айында Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан қираған үйлерді тұрғызуға 204 миллион теңге аударылды. Бұған дейін компания осы мақсатқа 312 миллион теңге бөлген болатын.

«Су тасқынының бастапқы күндерінде Жеңіс, Жаңа тұрмыс, Нұрлы жол, Достық, Фердоуси және Өргебас ауылдарының апатты аймақта қалған 4500-ден астам тұрғынына бірден тегін байланыс пен интернет түрінде қолдау көрсеттік. Бірақ ең басты мұқтаждық – баспана болып отыр, көптеген үй тұруға жарамай қалды немесе түбегейлі жөндеуді талап етеді. Бұған дейін бөлінген 312 миллион теңгеге Мақтаралда 20 үйдің құрылысы бітейін деп қалды, екінші транштың ақшасына тағы 12 үй салынады», - деді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин. 

«Қазір мемлекет су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға барлық тиісті көмекті көрсетіп жатыр, апат салдарын жою жұмыстары белсенді атқарылуда. Суық түскенге дейін ауылдардың барлық тұрғыны жаңа үймен қамтамасыз етілуі керек немесе үйлері жөнделуі тиіс. Осындай игі істе бизнес-компаниялардың көмегі аса маңызды, қосқан үлесі мен қолдауы үшін Beeline Қазақстан компаниясына қордың атынан алғыс айтамын», - деп «Birgemiz» қоғамдық қорының төрағасы Руслан Сәкеев ризашылығын білдірді. 

2 мамырда Өзбекстанның батысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылып кеткенін естеріңізге саламыз. Соның салдарынан Қазақстанның Түркістан облысындағы бірнеше ауыл су астында қалып, 22 мыңнан аса тұрғын эвакуацияланған. 

* «Birgemiz» қоғамдық қоры COVID-19 індеті кезінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек көрсету үшін 2020 жылы 20 наурызда еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. 
Қордың Қайырымдылық Кеңесінің шешімімен еліміздің 23 қаласында 150 мыңнан астам мұқтаж жанға көмек көрсетіледі. 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz