18.03.2024
2024 жылдың 26-шы және 28-ші наурызында «Үйдегі Интернет» қызметі бойынша белсенді емес логиндерді жаппай жою орын алады. 6 айдан бері төлем төленбеген және үй интернеті қолданыссыз болған логин белсенді емес деп табылады.
«Үйдегі Интернет» пакетіне кіретін мобильді нөмірлер абонтөлемсіз «Қарапайым» тарифіне ауыстырылады. Кез келген қолданушы қалаған тарифін мында таңдай алады.
Логиндер Қоғамдық келісімшарт 7.5.2. бабының интернет қызметтерін жеке тұлғаларға көрсету шарттарына сәкес жойылады.
Егер Сіздің логиніңіз жойылса, алайда Сіз «Үйдегі Интернет» қызметін қолдануды жоспарласаңыз, онда жаңа қосылуға өтінім тастасаңыз болады. Сол кезде Сізге жаңа логин беріледі. Өтінім beeline.kz сайтында екі минут ішінде тез құралады немесе дәл мына жерде қалдырсаңыз болады.