Басты бет / Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскемен Beeline мобильді аударымдары саны жағынан алдыңғы қатарға шықты

30 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Абоненттер саны мен мобильді қаржы сервистері бойынша көш бастап тұрған Beeline Компаниясы Beeline теңгерімінен жасалған аударымдардың аралық қорытындысын шығарды. 

Короновирус жұқпасының кесірінен Наурызда ТЖ режимі енгізілген соң, Beeline Қазақстан мен басқа операторлар аударым үшін ақы алуды тоқтатқанын жариялады, бұрын бұл - соманың 1.5%-ын құрайтын. 
2020 жылғы 21 наурыз бен 21 сәуір аралығында аударым ең көп жасалған күн 27 наурыз болды. Қолданушылар арасында танымал мобильді платформа Android екені анықталды, ол 86%-ды құрайды, iOS – 11%. Аударым ең көп жасалған қалалар - Нұ-Сұлтан, Алматы және Өскемен. Операциялар ең көп жасалған уақыт – күндізгі 12. 
Егер сервис қолданушыларын гендерлік белгісі бойынша бөлетін болсақ, ер-азаматтар белсенді қолданғанын көреміз, ерлер - 53%, әйелдер – 47%. Ең жиі аударлыған сома – 1000 теңге. Аударым сомасы бойынша 21 жастағы клиенттер озып тұр. Транзакция жасаған кезде, қолданушылардың 6%-ы сезімдерін бөлісіп, пікір  қалдырады. 
Қорытынды туралы, Цифрлы қаржы сервистері қызметінің директоры Сергей Головань: «Деректер мобильді аударымдардың өте қарапайым және ыңғайлы сервис екенін көрсетті. Beeline-да, операторлардың клиенттері арасындағы тегін аударымдар жеке мақсатта есеп-айырысудың ғана емес, сонымен қатар әртүрлі өнімдер мен қызметтердің ақысын төлеудің ыңғайлы жолы болатынына сенімдіміз. Үйден шықпаңыздар және телефоннан оңай басқарылатын электронды қаражатты пайдаланып, қолма-қол ақшадан бас тартыңыздар». 
5000 теңгеге дейінгі тегін аударымды Beeline клиенттері екі жолмен жасай алады: 
1.    «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында «Аударымдар» бөлімін таңдап, нөмір мен аударым сомасын көрсету арқылы; 
2.    2020 қысқа нөміріне SMS хабарлама жіберу арқылы. Аудару үшін, бос орын қалдырмай соманы, оператордың атауын латын қарпімен және қаражатты алушының нөмірін «+7» санысыз көрсету керек. Мысалы, 100Kcell707123ХХХХ.

Аударым саны шектелмеген. Операцияның ең аз сомасы 10 теңге, ең көп сомасы – 100 АЕК (265 100 теңге). 5000 теңгеден асқанда, комиссия аударым сомасының 1%-ын құрайды. Аударған кезде клиенттер смайлик және мәтін арқылы пікір қалдыра алады. 
 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz