15.12.2025
15.12.2025 бастап біз әлеуметтік тарифтер желісін жаңартып, жаңа «Мега+ Әлеуметтік» тариф жоспарын іске қосамыз. Тариф зейнеткерлерге, мұғалімдерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сондай-ақ Ауған соғысы мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған.
«Мега+ Әлеуметтік» тариф жоспарына мыналар кіреді:
• 18 ГБ мобильді интернет
• Beeline нөмірлеріне шексіз қоңыраулар
• ҚР бойынша басқа мобильді және қалалық нөмірлерге 180 минут
• Beeline нөмірлеріне 200 SMS
Абоненттік төлем — 4 390 ₸/ай. Тариф туралы толығырақ осында.
Маңызды: бұрынғы «Мега Әлеуметтік» тарифін қосу енді мүмкін емес. Бірақ қолданып жүрген пайдаланушылар үшін ештеңе өзгермейді — Сіз «Мега Әлеуметтік» тарифін бұрынғы шарттарда толық көлемде пайдалана аласыз.