Қандай өзгеріс болады?
1 қыркүйектен бастап Beeline мобильді теңгерімінен ақша алудың барлық түрінің комиссиясы көбейеді. Ең аз комиссияның мөлшері бұрынғыдай қалады.
Ақша алу комиссиясы қалай өзгереді:
• картаға аударып алғанда: 5,5% → 9,5%, мин. 300 ₸,
• ATM арқылы алғанда: 5,5% → 9,5%, мин. 300 ₸,
• IBAN арқылы алғанда: 3,5% → 9,5%, мин. 300 ₸,
• «ҚазПошта» бөлімшелерінен алғанда: 3,5% → 9,5%, мин. 300 ₸.
Неге өзгереді?
Біз ақшаны алу ыңғайлы болуы үшін, ең төменгі мөлшерлемені ұзақ уақыт ұстап тұрдық, бірақ ол компания үшін тиімсіз болып кетті. Осы аздаған өзгерістің арқасында Сіз келешекте қазіргіден де көп төлем жасай аласыз, ал біз Сізді тиімді ұсыныстармен қуанта аламыз.
Мұны не істеуге болады?
Әзірге қаражатты шығынсыз пайдалану үшін, мобильді теңгеріммен бірдеңе сатып алуыңызға немесе төлем жасауыңызға болады, мысалы: коммуналдық қызметтерге төлеңіз, салық төлеңіз немесе үйден шықпай-ақ дәріханадан дәрі-дәрмек сатып алыңыз. Мүмкіндіктердің толық тізімімен біздің сайтта немесе «Менің Beeline-ым» қосымшасында таныса аласыз.