Басты бет / Жаңалықтар

Beeline клиенттері ақылы жолдардың ақысын телефоннан төлей алады

22 шілде 2019 ж., Алматы қаласыBeeline Қазақстан клиенттеріне еліміздің барлық өңіріндегі ақылы жолдардың ақысын мобильді телефон теңгерімінен төлеу мүмкіндігін ұсынады.

Теңгерімді тексеру немесе оны толтыру үшін телефонда *505# пәрменін теріп, содан соң автокөліктің мемлекеттік нөмірін енгізу керек. Ары қарай, мәзірден тиісті операцияны таңдасаңыз болды. Я болмаса, келесі екі пәрменнің бірін теруге болады:

  • Теңгерімді тексеру: *505*1*ХХХzzzYY# (Х – автокөліктің мемлекеттік нөмірінің цифлы құрамы, z - автокөліктің мемлекеттік нөмірінің әріптер құрамы, YY – аймақтың коды);
  • Шотты толтыру: *505*2*ХХХzzzYY*сома# (Х - автокөліктің мемлекеттік нөмірінің цифлы құрамы, z - автокөліктің мемлекеттік нөмірінің әріптер құрамы, YY – аймақтың коды).

Барлық дерек бос орынсыз және латын алфавитінің бас әріптері немесе кіші әріптері арқылы енгізіледі.

«Компаниямыздың цифрлы мобильді сервистері қарапайым смартфонды төлем құралына айналдырды. Қазір адамдар ақшаны пошта бөлімшелері мен банкоматтарға аудара алады және көлікте жолақы төлеп, заттард онлайн сатып алады, сондай-ақ еліміздің барлқ өңірінде қызметтердің ақысын төлеу мүмкіндігіне ие. Смартфоны бар клиенттеріміздің күнделікті өмірде, соның ішінде ақылы жолдарға шыққанда еш қиындық көрмеуі үшін қолымыздан келгеннің бәрін істейміз», - деп Beeline Қазақстанның Жаңа бизнес жөніндегі коммерциялық директоры Олег Алдошин пікір білдірді.

Қызметті Beeline-ның алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесіне қосылған барлық абоненті Қазақстан Республикасының аумағында пайдалана алады. Толық ақпарат beeline.kz сайтында.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz