Beeline Қазақстан мобильді телефон теңгеріміндегі ақшаны Қазақстанның барлық жеріндегі Qazkom банкоматтары арқылы алуға болатынын жариялайды. Бұдан былай Beeline абоненттері өз шоттарын немесе туғандарының және жақындарының шоттарын толтыра отырып, банкоматтардан нақты ақшаны ала алады.
Qazkom банкоматтары арқылы Beeline мобильді теңгерімінен ақша алу үшін:
- SMS арқылы пәрменді жіберіп, money.beeline.kz сайтында арнайы үлгіні толтыру керек:
SMS пәрмен: 2020 қысқа нөміріне «XXXX qazkom 7771234567» мәтінін жіберу қажет, мұндағы XXXX – банкоматтан алынатын нақты ақшаның сомасы - теңге, qazkom – ақша алынатын банкомат тиесілі Банктің атауы, 7771234567 – SMS жіберілетін және теңгерімінен ақша қаражаты алынатын телефон нөмірі.
money.beeline.kz сайтында: «Банкоматтан ақша алу» сервисін таңдап, тиісті үлгіні толтыру керек және телефон нөмірі (телефонның тиістілігін тексеру үшін бірреттік шарт сөз келіп түседі) мен алынатын соманы көрсету қажет.
2. SMS пәрменді немесе сайтта арнайы үлгіні жіберген соң, көрсетілген нөмірге Банктің «7000» қысқа нөмірінен растау коды келеді. Код 24 сағат ішінде жарамды.
3. Банкоматпен жұмыс істеу барысында банкомат панеліндегі кез келген пернені басып (Qazkom банкоматтарының желісі), «Beeline теңгерімінен қолма-қол ақшаны алу» операциясын таңдау керек және алынған растау коды мен алынатын соманы енгізу қажет.
4. Банк растау коды мен сұралған соманы тексерген соң, банкомат нақты ақша қаражатын береді.
Qazkom банкоматтарынан алуға болатын ең аз сома 2 000 теңге, тәулігіне алуға болатын ең көп сома 15 000 теңге. Қызмет үшін ұсталатын комиссия алынатын ақшаның 4%.
Туғандарыңыз бен достарыңызға ақша аудару үшін мобильді телефоныңыздың теңгерімін пайдаланыңыз! Мобильді телефон теңгерімін әпсәтте толтыруға болады, бұл Qazkom банкоматтары арқылы ақшаны шұғыл алуға мүмкіндік береді.