Басты бет / Жаңалықтар

18 қаңтар 2024 жылы «Керемет» және «Керемет+ архив» тарифтері жаңарады.

8.12.2023

2024 жылы 18 қаңтардан бастап «Керемет» және «Керемет+ архив» тарифтерінде абоненттік төлемі өзгереді. Тарифтің негізгі топтамалары өзгеріссіз қалады. Қосымша қызметтер көлемі бонус ретінде ұсынылады.

Тарифтердің жаңа шарттарымен танысуыңызды өтінеміз: 

Тариф

Керемет+ архив

Керемет

Абоненттік төлем

4990 тг/ай

4990 тг/4 апта

4G желісіндегі интернет-топтама

Шексіз Шексіз

2G/3G желісіндегі интернет-топтама

5 ГБ

5 ГБ

Beeline-ға қоңырау шалу

Шексіз Шексіз

ҚР-дағы басқа моб.нөмірге қоңырау шалу бонуспен

180 мин

180 мин

Негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, бұрынғыдай күн сайынғы топтама қосылады. Тарифтің жаңа шарттары бойынша, күн сайынғы топтама 390 тг/тәулігіне болады, оған 1 ГБ, Beeline-ға шексіз және ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге 10 минут қоңырау шалу мүмкіндігі кіреді. 

Минуттар/SMS топтамасы біткен соң, сондай-ақ абоненттік төлем ұсталмаса, Қазақстандағы барлық мобильді нөмірге қоңырау шалу немесе SMS жолдау құны минутына 18 теңге, бір SMS құны – 18 теңге. Егер гигабайттар топтамасы бітсе, 1 МБ интернет 2 теңгемен тарифтеледі. 

Қазақстандағы қалалық нөмірге қоңырау шалу - 18 теңге/мин.
Қазақстандағы басқа мобильді нөмірлерге SMS – 18 теңге/SMS.