Басты бет / Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап «Үйдегі Интернеттің» кейбір тарифінде жаңа абоненттік төлем

2022 жылғы 1 қыркүйекте «Үйдегі Интернеттің» кейбір архивтік тариф жоспарларының шарттары өзгереді. 

Абоненттік төлем сәл көбейеді, бұл ретте ішінара тарифтің атауы да өзгереді. Өзгерістер Сізге аз қолайсыздық әкелуі үшін, «Шексіз 4G» акциясы 2023 жылғы 28 ақпанға дейін ұзартылады. Яғни мобильді байланыс қосылған тариф жоспарларында енді шексіз интернет-трафикті ұзақ қолдануға болады. 

Жаңаратын тарифтердің тізімімен танысуыңызды өтінеміз: 
- «Шексіз100 2790 архив», «Шексіз100 3290 архив», «Шексіз100 4090 архив»;
- «Шексіз100 3590 архив», «Шексіз100 3990 архив», «Шексіз100 4390 архив», «Шексіз100 4590 архив»;
- «Шексіз70 2090 архив»; 
- «Шексіз 50 архив», «Шексіз50 2990 архив», «Шексіз50 3490 архив», «Шексіз50 3990 архив»; 
- «Үш есе ұтымды архив»; 
- «Ұтымды Микс Акц. 2+4 архив», «Ұтымды Микс Promo 50 архив», «2018 Ұтымды Микс 40_A архив»; 
- «2017 Ұтымды одақ 100 архив», «2019 Ұтымды одақ 100 архив».


Жаңа абоненттік төлем, атаулары және басқа да толық ақпаратты «Үйдегі Интернет» қолданушыларының байланыс нөміріне жіберілген SMS-тегі сілтемеден немесе 3131 нөмірінен білуге болады. 

Біздің тариф жоспарлармен сайтымызда танысуға және басқасын таңдауға болады.

Бізбен бірге болғаныңызға рахмет!