2018 жылы 7 маусымнан бастап «Ұтымды микс» тарифтік қатарында мобильді байланыс қызметтерінің құны өзгереді.
Нақты айтқанда, топтама таусылғанда немесе абоненттік төлем ұсталмаса:
- ҚРдағы басқа мобильді операторларға қоңырау соғу құны – минутына 14 теңге;
- Beeline желісінде SMS жолдау құны – 9 теңге;
- ҚР-дағы басқа мобильді операторларға SMS жолдау құны – 15 теңге;
- Сонымен қатар қалалық желілерге қоңырау соғу құны – минутына 18 теңге құрайтын болады.
Beeline желісінде қоңырау соғу құны өзгермейді – минутына 11 теңге.
Тарифтік жоспардағы немесе қызметтегі интернет-трафиктің негізгі көлемі біткенде, ары қарай Интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталмас үшін, қосымша топтама қосуға кеңес береміз.
Негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, интернет транзакциясы 1 МБ үшін 1 теңгені құрайды.