Басты бет / Жаңалықтар

«Жарқын архивтік» және «Тағы көбейді 1390» тарифтерінде шексіздіктер мерзімі аяқталады

2021 жыл 25 ақпаннан бастап кейбір архивтік тариф жоспарларда видеоқызметтерге, әл.желілер мен мессенджерлерге берілетін шексіз трафик тоқтайды. Осы куннен бастап шексіздіктер келесі тарифтерде әрекет етпейтін болады: «Жарқын 2590 архивтік», «Жарқын 2990 архивтік», «Жарқын 3990 архивтік», «Жарқын 4990 архивтік» және «Тағы көбейді 1390».

Танымал видеоқызметтерді, әл.желілер мен шексіздіктерді ары қарай да шексіз қолданғысы келетін клиенттер #КөпБолады қызметін қосып ала алады. Небәрі 790 теңге тарифтің абоненттік төлемімен бірге ұсталады. Толық ақпарат мында

#КөпБолады қызметімен YouTube, Instagram, TikTok және басқа да танымал алаңдарға кіріп, гигабайт туралы ойламай-ақ қоюға болады!