18.12.2024
2024 жылдың 20 желтоқсанынан бастап «Үйдегі Интернет» қызметі бойынша 6 айдан астам уақыт бойы төлем жасалмаған белсенді емес логиндерді жою процесі басталады.
Жою процесі жеке тұлғалар үшін Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету жария шартының 7.5.2 сәйкес жүзеге асырылады.
Егер Сіздің мобильді нөміріңіз жойылатын «Үйдегі Интернет» логинінің пакетіне қосылған болса, ол абонтөлемсіз «Жеңіл» тарифіне ауыстырылады. Дегенмен, кез келген уақытта Сіз өзіңізге ұнайтын басқа тарифті мына жерден таңдай аласыз.
Егер Сіздің логиніңіз жойылған болса, бірақ Сіз «Үйдегі Интернет» қызметін қайта пайдалануды жоспарлап жүрсеңіз, жаңа қосылымға өтінім қалдыру жеткілікті. Бұл жағдайда Сізге жаңа логин беріледі. Өтінімді бірнеше минутта мына жерде қалдыруға болады.