«Хрустальная пирамида-2020» халықаралық HR премиясының жүлдегері болып Қазақтан атанды

2020 ж. 26 қазан, Нұр-Сұлтан қ. Beeline Қазақстан 15-16 қазан аралығында Мәскеу қаласында өткен Ресей мен ТМД HR-Директорларының XXI Саммитінде «Хрустальная пирамида – 2020» мәртебелі премияны алды. Тахмина Кодири персоналды басқару мен адам каптиалын дамыту саласындағы жетістіктері үшін «ТМД-ның жыл HR-директоры» номинациясында гран-при иегері болды.

Компания жетістіктерінің санында – 2018 жылдан бастап BeFlex жобасын (қашықтықтан жұмыс жасау мен тиімді график) табысты іске асыру, бұл пандемия кезінде жұмыскерлердің 97% қашықтықтан жұмыс жасау режиміне қиналусыз көшірумен қатар, «Work from everywhere» принципімен, яғни «Кез келген жерден жұмыс жасай бер» жобаны күшейтуге мүмкіндік берді. Компания бағалау, таңдау және жұмысқа алу, кадрларды басқару процестерін автоматтандыруды және роботтандыруды іске қосты, электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізді (ҚР Еңбек министрлігімен бірлескен жоба), сенімділікке, ашықтыққа, адалдыққа және қатысуға негізделген персоналдың тиімділігін арттыру үшін корпоративтік мәдениетті өзгертті. Сондай-ақ, Тахмина Кодиридің басшылығымен карантин кезеңінде жұмыскерлерді қолдау бағдарламасы жүзеге асырылды.

«Жаңа мәдениетті құру, ашық, анық, әрбір адам трансформациялық көшбасшы бола алатын қателік жіберу құқығымен тәжірибе мәдениетін қалыптастыру - бұл үлкен ұжымдық күш. Осы деңгейдегі халықаралық марапат Beeline Қазақстан адамдарға компанияның жетістігін қалыптастыруға және бөлісуге мүмкіндік беретіндігін растайды », - дейді Тахмина Кодири.

«Beeline-нің басты және ең құнды байлығы - бұл біздің адамдар. 2018 жылдан бастап компанияның стратегиялық мақсаттарына «Мәдениет және адамдар» тармағы қосылды. Осы фокустың арқасында біз біртіндеп экологиялық таза және өршіл корпоративті мәдениет жүйесін құрамыз, оның мақсаты әр жұмыскердің өзін-өзі тануы үшін ең жақсы жағдайлар болып табылады», - деп түсіндірді Beeline Қазақстан бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.

Сондай-ақ, HR Beeline командасы «2020 жылғы HR-командасы» номинациясында қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды.

Адами ресурстарды басқарудағы жетістіктері үшін HR-менеджерлері мен HR жобаларының авторлары премия лауреаттары болып атанады. Осы жылы ТМД-ның 70-тен астам ірі компаниялары қатысты. «ХРУСТАЛЬНАЯ ПИРАМИДА» 2011 жылдан бастап Маслоу пирамидасының символы ретінде - әлемге әйгілі мотивация мен жеке өсудің моделі ретінде тағайындалды.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz