Басты бет / Жаңалықтар

2020 жылдың басынан бері 68 мың қазақстандық Beeline-ның шапшаң интернетіне қол жеткізді

28 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline жыл басынан бері 76 ауылды интернет таратылымымен қамтамасыз етті. Ол ауылдарда шамамен 68 мың адам тұрады. 2020 жылдың соңына дейін интернетке мобильді кең жолақты қосылу мүмкіндігі жалпы халық саны 1.2 миллионнан асатын 500 елді мекенде пайда болады. Жоба желіні ауқымды түрлендіру шеңберінде жүзеге асырылуда. 

«Біз желіні түрлендіру бойынша барлық міндеттемені орындап жатырмыз. Өкінішке қарай, карантин мерзімді біраз жылжытуымызға мәжбүрледі. Бұл – бақылау-өткізу пункттеріндегі қиындықтарға байланысты, қызметкерлеріміз рұқсат құжаттары қолында тұрса да, өңірлерге барып, жұмыс істей алмай тұр. Соған қарамастан, ТЖ режимі біткен соң, қарқынымызды жылдам үдетуге дайынбыз. 76 елді мекенді қосқан факт көңілімізге, жазда жұмыс одан бірнеше есе тез жүреді деген сенім ұялатады», - деді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.

Желіні ауқымды түрлендіру жұмыстарын Beeline 2019 жылдан бері жүргізіп келеді. Ол, қалаларда «ақ нүкте» қалдырмай, жылдамдығы жоғары интернеттпен қамтамасыз ететін жаңа базалық станцияларды салу мақсатында, желінің таралымын толық талдауды көздейді. Көптеген нысандағы қондырғыны ауыстыру – мәліметтерді жолдау жылдамдығын 4.5G және 4.9G деңгейлеріне дейін жеткізуге және келешекте базалық станцияларды 5G стандартында жұмыс істеуге жылдам көшіруге жағдай жасайды. 

Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 5700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қосылуға болады. Бұл – халықтың 98%-ы, оның 70%-ы 4G стандартындағы интернетке қол жеткізе алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылған. Компания Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілердің бірі және қызметкерлерді материалды әрі уәждемелік қолдайтын ауқымды бағдарламасы бар сенімді жұмыс беруші. 

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz