Басты бет / Жаңалықтар

150 мың қазақстандық вакцина үшін Beeline-нан гигабайт алды

Нұр-Сұлтан, 10 қарашаBeeline Қазақстан «Вакцина үшін Beeline-нан 5 Gb ал!» атты науқанының басталғаны туралы хабарлайды, ол «Менің Beeline-ым» қосымшасындағы Ashyq QR-кодын сканерлеу кезінде абоненттерді «жасыл» мәртебесі үшін марапаттайды. Науқан 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

«Жасыл» мәртебе үшін бонустық трафикті беру - бұл сіздің жауапты азамат екеніңізді мойындау және ұжымдық иммунитетке алаңдайтыныңыз үшін алғыс. Қазақстандағы көшбасшы оператор бола отырып, біз өз жауапкершілігімізді сезінеміз, сондықтан өзіміз сияқты бей-жай қарамайтын абоненттерді ынталандыруға қуаныштымыз. Біз барлығымыз бұрынғы өмірімізге қайта оралғымыз келеді және егер біздің науқанымыз осы қадамға өз үлесін қосса, онда біз бәрін дұрыс жасап жатырмыз!», - деді Beeline Қазақстанның Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Елена Мухсинова.

15 қазан науқан басталғаннан бері 150 мың абонент «жасыл» мәртебесі үшін бонустық гигабайттар алды. Алайда, қазіргі уақытта «қызыл» мәртебесі бар операторларды да назардан тыс қалдырған жоқ. Олар оқшауланған кездегі уақыттарының тезірек өтуіне мүмкіндік беру үшін BeeTV контентіне тегін кіру мүмкіндігіне ие болады.

Бонустық 5 ГБ қалай алуға болады:

  • «Менің Beeline-ым» қосымшасын жүктеп, тіркеуден өтіңіз;
  • «Менің Beeline-ым» қосымшасынан өз мәртебеңізді тексеріңіз. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы Ashyq пернесін басыңыз.
  • Өзіңіздің тарифтік жоспарыңызға 30 күнге 5Gb түскенін күтіңіз.

Егер абонентте лимитсіз трафигі бар тариф қосылса, онда оған Қазақстан бойынша басқа мобильді операторлардың нөмірлеріне 30 күнге қоңырау шалу үшін 50 минут беріледі.

Қазіргі уақытта «қызыл» мәртебесі бар адамдар үшін, Beeline Қазақстан тезірек сауығып кетуін тілейді және BeeTV: TV360, Megogo, START, Amediateka, More TV контентіне, сондай-ақ 30 күнге «Премиум-спорт» спорттық шараларының трансляциясына қосылуға мүмкіндік береді.

Науқан шарттары бойынша қосымша ақпаратты сайттан оқуға болады.