Басты бет / Жаңалықтар

Енді Гигабайттарды қосымша төлемсіз екі есе көбейтуге болады!

2021 жылғы 3 наурыздан бастап барлық өзекті «Жарқын» тарифтерінде «Тағы да еселе» акциясы бар. Тарифіңізді мерзімінен бұрын қайта қосасыз, интернет-топтамаңызды сол сәтте екі есе көбейтеміз. Ешқандай қосымша төлем қарастырылмаған.

Қалай жүзеге асырылатынын қараңыз:

1. Мобильді құрылғыда *355# пәрменін теріңіз немесе «Менің Beeline-ым (Қазақстан)» қолданбасының «Менің тарифім» бөлімінде «Тарифті қайта қосуды» басыңыз.

2. Әдепкі абоненттік төлем ұсталады, тарифті қалдығы жойылып, топтамалар қайта толтырылады, бірақ гигабайттар әдеттегіден екі есе көп болады. 
Мысалы, Сізде 11 ГБ беретін «Жарқын 3290» тарифі болсын. Сіз тарифті қайта қосқанда, айына 3290 теңгеге 22 ГБ аласыз. 

«Тағы да еселе» акциясы 2021 жылғы 15 сәуірге дейін.

Мына жерден толық ақпарат алып, байқап көруге болады.