Басты бет / Жаңалықтар

Қазақстандық колл-орталық ТМД-да үздік болып танылды

Beeline Қазақстан 2021/2022 маусымында 18-ші халықаралық CCGuru Awards Crystal Headset бағдарламасының жеңімпазы деп танылды және ең беделді марапат – «500-ден астам оператор» санатында «Үздік байланыс орталығы» номинациясының жеңімпазы атанды.
Сондай-ақ, Beeline Қазақстан тағы екі марапатқа ие болды:
Цифрлық – дауыстық емес байланыс арналары арқылы клиенттермен өзара байланысатын үздік цифрлы команда номинациясы бойынша 2-орын;
Автоматтандырылған, роботтандырылған өзара байланыстың ең жақсы тұтынушылар тәжірибесі санатында 3-орын.
 
CCGuru Awards – ең үлкен әрі ең танымал және ТМД нарығының барлық қатысушысы мойындаған кәсіби марапат – клиенттермен өзара байланысу саласындағы «ОСКАР». Биыл байқауға 380 үміткер қатысып, үздік байланыс орталығы атағына 5 елден 120 байланыс орталығы үміткер болды. CCGuru Awards сыйлығының лауреаты болу – кәсіби мансаб жолындағы маңызды оқиға, барлық жетекші компания мен табысты команда ұмтылатын жетістік.
«2021 жылы Beeline Қазақстан Клиенттік сервис дирекциясы клиентке қызмет көрсету және өзіне-өзі қызмет көрсетудің барлық арнасына бірқатар трансформациялық өзгеріс енгізді, нәтижесінде тұтынушылар тәжірибесін біршама жақсарды. Мысалы, байланыс орталығына қоңырау шалғанда, клиент оператормен қосылғанға дейін желіде күтетін орташа уақыт қазір 80 секундты құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 61%-ға жақсы, ал қызмет көрсету сапасының көрсеткіші 3 тармаққа өсті. Байқауға қатысу процесі өте қызықты және тартымды болды – 9 ай белсенді дайындық, қазылар алқасының алдында 5 рет сөз сөйлеу және бағалаудың соңғы кезеңі – бақылау сапары, жарияланған нәтижелерді тексере және жұмысты бағалай отырып, CCGuru Awards өкілдері бір күнді Beeline Қазақстан байланыс орталығында өткізді. Қазылар алқасы байланыс орталығының техникалық жарақтандырылуын, жұмысқа арналған орынжайларды, сондай-ақ барлық команда мүшелерінің дайындығын, кәсібилігін және ең бастысы - керемет ынтасын жоғары бағалады. Бұл марапат – біздің бірінші және көптен күткен жеңісіміз! Ұжым үздіксіз дамып келеді, қызметкерлердің жұмыс сапасын, барлық қызмет көрсету арнасының қолжетімділігін арттыруға ұмтылады, бұл тұтынушылардың қанағаттану деңгейіне әсер етеді – және біз мұнымен тоқтап қалмаймыз», – дейді Beeline Қазақстанның Клиенттік сервис директоры Оксана Шмарихина.